Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

12 мамыр - Халықаралық Мейірбикелер күні


Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын 12 мамырда Халықаралық Мейірбикелер күні аталып өтеді. Бүгінгі айтулы мерекеге орай Сарысу аудандық орталық ауруханасында мерекелік іс-шара өз деңгейінде аталып өтті. Салтанатты жиынды Сарысу аудандық орталық ауруханасының директоры Бағлан Жарылқасынұлы, "AMANAT" партиясы Сарысу аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұратбек Бұралқыұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі. 

Мейірбикелердің денсаулық сақтау саласында атқарып келе жатқан ұшан-теңіз еңбегіне тоқталып ізгі тілектерін арнады. 

Жамбыл облысы мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігінің "Senim" кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары, алғыс хаттармен мейірбике қызметкерлерге табысталды. 

Сарысу аудандық орталық ауруханасының кәсіподақ бастауыш ұйымының төрайымы Айткүл Рысбекқызының ұйымдастыруымен аурухананың барлық бөліміне, шалғайда орналасқан емхана бөлімшелеріне кәсіподақ атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу