Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Мейірімділік акциясы- «Мектепке жол»


Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Қазақтың балалары әлемдік деңгейде ел мерейін асыруда. Иә, қай кезде де мемлекет баланың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басындағы кезекті жолдауында «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды, яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінеді.

 Сарысу аудандық орталық ауруханасының кәсіподақ бастауыш ұйымының төрайымы Айткүл Рысбекқызының ұйымдастыруымен «Мектепке жол»  акциясы аясында, аурухана қызметкерлерінің мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге арналған іс-шара ұйымдастырылды. 

 Салтанаттық жиында аудандық орталық ауруханасының директоры Бағлан Қыдырбаев оқушыларды,  ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерге "Ақ жол" тіледі. «Мектепке жол» акциясы бойынша 48 бүлдіршінге мектеп сөмкелерін табыстады. Жиын соңында ата-аналар аурухана басшылығына өз алғыстарын білдірді. 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу