Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛА ЕМІЗУ АПТАЛЫҒЫ!


Жыл сайын 1-7-тамыз аралығында бүкіл әлемде ана сүтін еметін балалардың денсаулықтарын нығайту үшін, емшек емізуді насихаттауға бағытталған Дүниежүзілік бала емізу апталығы өткізіледі. Бұл апта 1990 жылдың тамыз айында елдердің үкіметтерінің, ДДҰ, ЮНИСЕФ және басқа да ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары қол қойған емшек емізуді ынталандыру және қолдау туралы Инночентиялық декларацияның құрметіне орай бектілген болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, баланы өмірінің алғашқы алты айында емшекпен емізу қажет, тек осы кезеңнен кейін ғана 2 жасқа дейін аралас тамақтандыруға (ана сүті мен толыққанды қосымша тамақтануға) өтуге болады.

Емшек емізудің пайдасы қандай?

- Нәрестенің иммундық жүйесі әлі де жеткілікті дамымаған және табиғи тамақтанатын нәрестелер ананың емшек сүтінің иммундық факторларының көмегімен вирусты инфекциялармен аз ауырады, оларды жеңіл көтереді және тезірек жазылады. Осылайша, емшек сүті жылдың суық мезгілінде тұмаудан, ал ыстық кездерде - ішек инфекцияларынан қорғайды.

- ана сүтімен тамақтанған балалар демікпеден, диареядан, құлақ инфекциясынан, екінші типті диабеттен аз зардап шегеді;

- баланың емшекті ему актісі дұрыс тістеуді қалыптастырады және тіс жегінің алдын алады;

- балаға емшек емізу миының және баланың ақыл-ой қабілеттерінің жақсы дамуына ықпал етеді;

- емшек емізу болашақта балаға әлеуметтік және мәнсап сатысында жылжуға көмектесуі мүмкін;

- емшек емізу ана мен бала арасындағы байланысты орнатуға көмектеседі.

Емізудің мұндай тәсілі балалар үшін пайдасынан басқа, ананың денсаулығына да оң әсер етеді. Емшекпен емізу балалар тамағына жұмсалатын қаражатты үнемдеуге көмектеседі, ана мен баланы жақындастырады, сондай-ақ диабеттің, сүт бездері, аналық бездердің обырының және ананың босанғаннан кейінгі күйзелісінің пайда болу қаупін төмендетеді.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу