Құрметті аудан тұрғындары!

Сарысу аудандық орталық ауруханасының мамандары 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін аудан аумағында күзгі денсаулық сақтау бойынша халық санағын жүргізеді.
Аталған жұмыстар аясында медицина қызметкерлері үй-үйді аралап, арнайы сауалнама жүргізетін болады.
Назар аударыңыз:
- Сауалнама тек ресми мақсатта және құпия түрде толтырылады;
- Қызметкерлер арнайы бейджикпен және құжаттармен қамтамасыз етілген;
- Сауалнама денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарды қамтиды.
Өтініш: сауалнама жүргізу кезінде белсенділік танытып, нақты әрі шынайы ақпарат беруге ықпал етуіңізді сұраймыз.
Ұлт денсаулығы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Қосымша ақпарат алу үшін мына нөмірге хабарласыңыз: +7 (72634) 7-99-85
Сенім білдіргеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
Сарысу аудандық орталық ауруханасы