Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Компьютерлік томограф ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурызнама тұжырымдамасына орай Наурызнама онкүндігі аясында Сарысу аудандық орталық ауруханасында Ұлттық салт дәстүр мерекесіне орай КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯНЫҢ ашылу салтанаты өтті.

Бұл аппарат заманауи жоғарғы технологиялық 64-кескінді неміс елінің «Siemens» компаниясының компьютерлік томографы.

КТ - барлық орган мен жүйелерді тексеруге мүмкіндік беретін тексерулердің жоғары сапасын қамтамассыз ететін озық технологиялары бар аппарат.

КТ диагноздың дәлдігі мен сипатын нақтылайтын заманауи құрылғы . Жабдық сүйек-буын жүйесін (бас сүйек, омыртқа, жамбас, жоғарғы және төменгі аяқтар), тыныс алу, жүрек-қан тамырлары, несеп-жыныс жүйесі, асқазан-ішек жолдарын зерттеуге қабілетті.

Ашылу салтанатында Наурыз мерекесі берекелі, ырысты болсын деген ниетпен тал отырғызды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, құттықтау сөз сөйледі: - Бүгінгі ауданымызда іске асқалы отырған

компьютерлік томографияның ашылуымен құттықтап, енді облыс орталығына қатынамай ақ, ауданымызда аурулардың белгісін жаңылмай анық табуға болатынын, бұл өңіріміздің медицина саласының дамуы үшін жасалып жатқан осынау ірі жоба халық үшін жұмыс жасайды деп сенемін, - деді.

Компьютерлік томографияның лентасын медицина саласының ардагері, Жанатас қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұмәлі Орымбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек кесті.

КТ ашылуы аудан тұрғындары үшін жағымды жайт, себебі бұған дейін аудан тұрғындары диагностикадан өту үшін Қаратауға жол жүріп, көрші аудан орталығына баруға мәжбүр болатын.

КТ аппараты бүкіл өңір бойынша пациенттерді тексеру және диагностикалау жұмыс жүктемесін жеңілдетуге ықпал ететін болады.

КТ-ға міндетті әлеуметтік сақтандыруы (МӘМС) бар азаматтар дәрігердің жолдамасымен тегін, ал жарна төлемейтін азаматтар ақы төлеу арқылы томографияға түсе алады.

Сарысу аудандық орталық ауруханасындағы осындай жетістіктер – өте қуанышты жаңалық. Басты мақсатымыз – халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету.

Видео




Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу