Алғыс айту
1-наурыз Алғыс айту күні Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын, азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн- мейірімділіктің, адамзаттың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын символы.
Осы мерекеге орай ауруханада СӨСҚ кабинетінің мамандарының ұйымдастыруымен, аурухана кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған іс-шарада бас дәрігердің міндетін атқарушы Абилдаева Айгул Ержанқызы қызметкерлерді мерекемен құттықтап ,
"Бұл мереке бізді жақындастырып, бірлігімізді нығайта түседі"- деген жылы лебіздерімен алғысын білдірді.