АПБ тақырыбында семинар өтті
Бүгін Сарысу ауданындық орталық ауруханасында “Адам папиллома вирусына” қарсы 11 жастағы қыздарды вакцинациялауды енгізу жөнінде семинар өтті.
- Семинарды Жамбыл облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидқадағалау бөлімінің басшысы Н.Қ Тасжурекова және ДСБ штаттан тыс бас эпидемиологі,Жамбыл облысы бойынша жұқпалы аурулар қатерін басқару консультативтік –әдістемелік орталығының басшысы Г.Қ Мирзабекова жүргізіп, медициналық кеңестер берді.
- Семинар Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.Т.Каликованың қатысуымен бас дәрігердің орынбасарлары мен дәрігерлік амбулаториялардың аға дәрігерлері, жалпы тәжірибелі дәрігерлер,акушер-гинекологтар, ауыл-аймақтың аға мейіргерлері мен мектеп мейіргерлері,екпе кабинетінің мейіргерлері және мектеп мейіргерлерінің қатысуымен өтті.
- Сонымен қатар емханадағы екпе кабинеттері мен мектептерге мониторинг жасады.