Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Тазалықпен қатар тал егу шарасы бастау алды


«Тазалық – денсаулық кепілі», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен аудандық аурухана қызметкерлері  ерекше белсенділік танытуда.

Бүгін санитарлық  тазалықпен қатар тал егу шарасы бастау алып, аурухана аумағына 100 көшет егілді.

Сенбілік  шарасы тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға мен мекемедегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Құрметті аудан тұрғындары! Жалпы әр күн, әр ай тазалық күні. Туған өлкеміздің тазалығы әрбірімізге қымбат. Сондықтан тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналамыздың тазалығына үлес қосуға шақырамыз.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу