8-Наурыз мерекесі өтті
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай аудандық орталық аурухана қызметкерлері арасында салтанатты мерекелік кеш өтті.
АОА директоры Б.Ж.Қыдырбаев әріптестерді мерекесімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.
Салтанатты кеш барысында денсаулық сақтау саласына қосқан үлестері үшін «Мерей той» 50-60 жасқа толған қызметкерлерге кәсіподақ бастауыш ұйымы атынан қаржылай сыйлық пен аурухана бөлімшелері мен ауыл-аймақ дәрігерлік амбулаторияларына естелікке сыйлық табыс етілді.