Сарысу аудандық орталық ауруханасында шеберлік сағаты өтті
Тәжірибе алмасу – медицина сапасын арттырудың кепілі.
Сарысу аудандық орталық ауруханасының базасында жоғары білікті мамандардың қатысуымен гинекология саласы бойынша маңызды мастер-класс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының (ЖОМБ) тәжірибелі гинеколог-хирургтары:
👨⚕️ Халыков Султан Мураткалиевич
👩⚕️ Асильбекова Эльвира Талғатқызы жергілікті мамандармен бірлесе отырып, күрделі хирургиялық оталарды сәтті өткізді.
Мастер-класс аясында келесі ота түрлері жасалды:
Қынап пластикасы (вагинопластика) – әйелдердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған реконструктивті-пластикалық ота;
Жатырды қосалқыларымен экстирпациялау – гинекологиядағы күрделі әрі жоғары дәлдікті талап ететін хирургиялық араласу.
"Мұндай іс-шаралардың мақсаты — өңірдегі медициналық көмектің деңгейін көтеру және аудан тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ, өз ауруханасында жоғары технологиялық ем алуға мүмкіндік жасау."
Біздің мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға атсалысқан әріптестерімізге алғыс білдіреміз. Пациенттеріміздің денсаулығы — біздің басты құндылығымыз!

Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы
Медициналық сақтандыру қоры
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы "Aqniet"
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі