"Жыл үздігі-2022" номинациясымен
Марапатталды
1.Олжабаева Айнур Бакбергеновна "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, бірінші санатты балалар бөлімінің меңгерушісі.
Олжабаева Айнур Бакбергеновна 2013 жылы С.Ж. Асфендиров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін бітіріп Сарысу ауданы орталық ауруханасы Саудакент ауылдық емханасына учаскелік дәрігер ретінде жұмысқа кірді.
2014 жылы Сарысу аудандық орталық ауруханасының дәрігер педиатр болып жұмысқа кірді. Қазіргі таңда Сарысу аудандық орталық ауруханасының балалар бөлімінің меңгерушісі.
Осы уақыт ішінде өзінің еңбек сүйгіштігімен, ауруға деген ықыласымен, ұжымды ұйымдастыра білетіндігімен үлкен абыройға ие болды. Ол кісі өз білімін шындай түсуінің жан-жақты іздемпаздығының арқасында өзін ұжым ортасында іскерлігімен таныта білген. Аурулармен және олардың туыстарымен тіл таба біледі.
Аурухана ұжымының қоғамдық жұмыстарына араласады. Аурухана ұжымына беделді, сыйлы.
2022 жылы "Жыл үздігі-2022" жобасы аясында жоғары кәсіби шеберлігі мен өзінің длауазымдық міндеттерін адал орындаған үшін "Ақ халатты абзал жан" номинациясы марапатталды.