Жаңа нысан ашылды
2022 жыл желтоқсан
айының 21 күні денсаулық сақтау бағытында, Сарысу ауданы Дегерез елді
мекенінде 30 келуші қабылдайтын
дәрігерлік амбулаториясының ашылу
салтанаты өтті.
Жаңа нысанды ашуға, Сарысу ауданының әкімі Марат
Қырғызәліұлы Султанғалиев
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Ахметбеков Дәулет Хамитұлы ауыл тұрғындарымен, ауыл ақсақалдарымен бірге жаңа нысанды ашып, ғимараттың сапасымен, орнатылған медициналық құрылғылармен танысты. Жиын соңында, тұрғындар арасынан елді мекен қариясы Смайлов Қали батасын берді. Жаңа ғимаратта қызмет жасайтын медицина қызметкерлеріне істеріне сәттілік тіледі.