Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Стом ашылу


Сарысу аудандық орталық ауруханасының  клиникалық диагностикалық бөлімінде  «DENT HOUSE» стоматологиялық кабинеті ашылды. 

 Ашылу салтанатына жергілікті тұрғындармен қатар «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалының эксперті А. Тоқтарбеков, маслихат депутаты Л. Нұрмаханова және де ауыл ақсақалдары қатысты.

Мұнда медициналық қызмет көрсетудің еуропалық озық үлгілері топтастырылып, жоғары білікті үздік мамандар қызмет етеді. Келушілердің көңілінен шыққаны – осында заманауи медицинаның озық құрал-жабдықтарымен тіс емдеудің, салудың, протездеудің барлық түрлері қолға алынған. 

Ең бастысы –  18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, 1,2,3 топтағы мүгедектер, көп балалы аналар «Алтын және Күміс» алқа иегері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар тіс емдеу кабинетінен тегін көмек ала алады. 

Сондай-ақ, ақылы қызмет көрсету түрлері де бар. Атап айтқанда тісті реставрациялау, протездеу, тістердің имплантациясы, брекет-жүйесі бойынша қызмет көрсетеді. 

Халықтың әлеуметтік тобына қарай арнайы қарастырылған жеңілдіктер де бар. 

Сонымен бірге, аталмыш емхананың барлық қызмет көрсетуі және құжаттық айналымы заманауи «Электрондық емхана» жүйесі бойынша жүргізілмек. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу