Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Аурулардың қандай түрлерін ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және оған қандай жас топтары жатады?


Скрининг - бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау   

Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі   

Аурулар:   

Мінез-құлықтық тәуекел факторлары (30 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер) 

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабеті (40 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер) 

Глаукома (40 жастан бастап 70 жастағы ерлер мен әйелдер)  

Жатыр мойны обыры (30-дан 70 жасқа дейінгі және одан да үлкен жастағы әйелдер) 

Сүт безі обырын қатерлі ісігі (40-тан 70 жасқа дейінгі және одан да үлкен жастағы әйелдер) 

Колоректалды обыр (50-ден 70 жасқа дейінгі және одан да үлкен жастағы ерлер мен әйелдер) 

В және С вирустық гепатиттері (медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер және тб) 

Ауыл тұрғындары үшін қосымша келесі аурулар бойынша скрининг жүргізіледі 

Мінез-құлықтық қауіп факторлары (18 - 29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер) 

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукома (18 жастан 29 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер) 

Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және созылмалы бүйрек аурулары (18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер) 

Тыныс алу ағзаларының туберкулезі (50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер) 

Қуықасты безі обыры (55 –тен 70 жасқа дейн және одан да үлкен жастағы ерлер) 

Скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек .  Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар                                  

Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы міндетті

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу