18 наурыз – «Ұлттық киім»
Әр ұлттың ерекшелігі– дәстүрлі құндылықтары. Әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар.
Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бейнесін айқындар ұлан-ғайыр тарих.
Осыған орай республикалық Наурыз меркесіне арналған онкүндік шеңберінде аудандық орталық аурухана бас дәрігері Айнұр Тұяқбайқызының бастауымен емхана бөлімінің ұжымы 18 наурыз – «Ұлттық киім» күнін өткізіп, келушілерге мерекелік ақ дастархан жайды.