Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Ауданымызда мастер класс шеңберінде операциялар жасалды

Ағымдағы жылдың наурыз айының 13-ші жұлдызы күні Сарысу аудандық орталық ауруханасына Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың бұйрығымен медициналық стационарлық қызметтің сапасын арттыру, оның жұмысын жақсарту мақсатында облыстық көпбейінді ауруханасының білікті хирург дәрігерлері видеоэндоскопиялық әдіспен хирургиялық заманауи тәсілдерді қолдана отырып операциялар жасап (лапроскопиялық тәсілмен - холецистоэктомия, эндоскопиялық тәсілмен шеберлік сыныбы өткізді.

Бұл оталарды облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары штаттан тыс бас хирург дәрігері Жандос Сейдахметов және хирург дәрігер Жантөре Молдашев жасады.

2-3 жыл көлемінде Д есепте тұрған, консервативті ем қабылдап жүрген 56 және 48 жастағы екі пациентке

лапароскопиялық холецистэктомия әдісімен бүгін ота жасалынды. Лапароскопиялық холецистэктомия бүкіл әлемде ең жиі орындалатын операциялардың бірі және қауіпсіз. Бұл операция бірнеше кішкене көлемде кесулерді қамтиды және адамдар сол күні ұзамай қалыпты әрекеттерге оралады.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу