Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Сарысу аудандық орталық ауруханасында заманауи медициналық және технологиялық құрал-жабдықпен жабдықталған оңалту бөлімі ашылды

Қазіргі таңда түрлі тірек-қимыл жүйелерінің ауруына шалдыққан науқас санының көбеюі қоғамды алаңдатады.  Осы орайда бүгін Сарысу аудандық орталық ауруханасында   оңалту бөлімінің салтанатты   ашылу шарасы  өтті.

Салтанатты шарада алғаш құттықтау сөзді Сарысу ауданы әкімі  Мамытов Сәкен Үмбетұлы өз сөзінде жағымды жаңалықпен өңір тұрғындарын құттықтады.

Бүгінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, дамыту, медициналық қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру  -  мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Біздің ауданымызда да денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайтылып, емдеу мекемелері заманауи құралдармен, медициналық технологиялармен жабдықталып, емдеу шараларын көрсететін орындардың қатары көбеюде.  Науқас жандарды емдеудің маңызды кезеңдерінің бірі – ол медициналық оңалту.  Жарақат пен ауыр аурулардан кейін адам әдеттегі өмір салтына оралып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі қажет. 

– Өздеріңізге белгілі, Мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлуде. Бүгінде игі бастаманың бір сипаты ретінде мүмкіндігі  шектеулі жандарға арналған оңалту бөлімі  ашылуда. Бұл науқастарға  өмір сүру сапасын жақсарту үшін қызмет атқаратын ауданымыздағы ауруханада  қолдануға беріліп отырған алғашқы бөлім. Әлемдік, заманауи, медициналық оңалту және  диагностикалық жабдықтармен қамтылған. Осы орталықта реабитолог, психолог, кардиолог,массажист, невропатолог  сынды бірқатар  мамандар науқастарға қызмет көрсететін болады. Аталған мамандардың сапалы жұмысы  науқастар арасындағы мүгедектікті азайтатынына сеніміміз зор.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу