Тренинг өтті
Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.Т.Каликованың шақыртуымен, аудандық аурухана қызметкерлерінің тәжірибелерін арттыру және “Ана мен бала”өлімін төмендету мақсатында Әмбебап прогрессивті патронаж моделі бойынша "Ата – аналардың әл-ауқаты-баланың өмір бойы денсаулығының, дамуы мен әл-ауқатының негізі" тақырыбына тренинг жүргізілді. Тренингте Эдинбург шкаласы қолданылып, жүкті әйелдің психологиялық тұрғыдан жағдайы анықталды. Тренингті әмбебап прогрессивті патронаж моделінің ұлттық тренері Калтаева С.С. жүргізді.