Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Сарысу ауданы Саудакент ауылдық бөлімшесінің қысқы дайындығы тексерілді

Саудакент ауылдық бөлімшесіінің жылыту қазандығына 7,5 млн.тг 2 пеш КВР 800 және 1,6 млн.тг  2 су айналдырғыш консулдық насостары ауыстырылған. Монометр, термометрлер мемлекеттік стандарттан толық өткізілген. Өрт және төтенше жағдайлар болған жағдайда адамдарды көшіру жоспарлары жаңартылып, дабыл жүйелері қайта тексерілуден өткізілгендігі белгілі болды, сондай-ақ өрт қалқандары толықтырылған, найзағайдан қорғайтын қалқан орнатылып, өрт сөндіргіштер (огнетушитель) қайта толтырылған. Қазандықта жұмыс істейтін 8 оператор арнайы оқытылған. Төрт қазандыққа от жағылып жылу жүйесі қатты қысыммен тексеруден өткізілді. 

2023-2024 жылдар аралығындағы қысқы жылыту маусымына 850 тонна Екібастұз тас көмірімен қамтылған. 

 Ұйым фельдшерлік акушерлік пункті  шатырын қалыңдату және ауыз су жүйесіне қосу жұмыстары бойынша  1,9 млн тг бөлінген. 2023 – 2024 жылдар аралығындағы қысқы жылыту маусымына 15 тонна шұбаркөл көмірімен қамтылды.

Сарысу аудданына арнайы барып, осының барлығын өз көзімен тексеріп көріп, аудандық аурухана басшылығына бұл мәселені әлі де пысықтау туралы тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берген Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының экономикалық сұрақтар бойынша орынбасары П.Ж.Үмбетәлі бұл сұрақтың қатаң бақылауда екендігін ескертіп, алдағы уақытта тағы зерделенетінін жеткізді.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу