МИОМОС
Миомос- медициналық ұйымдарда медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған ақпараттандыру, қоғамдық мониторинг және кері байланыс механизмі, сонымен қатар пациенттер мен медицина қызметкерлері арасындағы өзара әрекеттесуге арналған тәжірибе.
Осы тақырыпта 11-12 қазан күндері аудандық орталық аурухана қызметкерлері мен диспансерлік есепте тұратын пациенттер арасында оқыту сабағы өтті.
Тренер: Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ұлттық қауымдастығының сарапшысы
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының ассистенті Хожамкул Рабиға Алтайқызы.