Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

СҮНДЕТТЕУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ


Баланы сүндетке отырғызу Ислам дінінде парыз етілген. Ал, оны жүзеге асыруды Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.Т.Каликованың бастамасымен хирург дәрігерлері қолға алды. Аурухананың жоғары дәрежелі, тәжірибелі хирургтары Медициналық қызметті тегін көрсетті. Бұл акцияға аудан тұрғындары қамтылды. Бір күнде 3-5 жас аралығындағы 40 тан астам бүлдіршінді сүндетке отырғызды. Аталмыш шараға келген тұрғындардың қарасы қалың. Бүгінгі тегін сүндеттеу әлеуметтік аз қамтылған жанұялар үшін таптырмас жағдай. Балалар арасында ауырсыну, өздерін қолайсыз сезіну жағдайлар болған жоқ, ұйымдастырылған шараға ата-аналар дән риза. Сондықтан Сарысу аудандық орталық ауруханасының ұжымы бұл акцияны жыл сайын жалғастыруда.

Кәсіподақ төрайымы Коренованың қатысуымен әр балаға ойыншықтар мен таттілер тарту етіліп, ертегі кейіпкерлерімен би билетіп мерекелік көңіл күй сыйлады.

Акцияда аудандық орталық аурухана хирургтары:

М.М. Жуматаев

Е.О. Досалиев мейіргерлерімен бірге қызмет етті.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу