Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Бірқатар зерделеу жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарма басшысының «Облыс бойынша денсаулық сақтау саласындағы үйлестірушілерді бекіту туралы» 5 ақпан 2024 жылғы № 58 бұйрығын орындау мақсатында, Жамбыл облысында стационарлық көмек бойынша ұйымдастыру жауапты тұлға ретінде Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының бас дәрігері Джуманкулов Марат Сейтбекович бекітілуіне орай, медициналық – стационарлық қызметтің сапасын арттыру, оның жұмысын жақсарту мақсатында Сарысу аудандық орталық ауруханасына жоспар бойынша ағымдағы жылдың наурыз айының 13-ші жұлдызында іс-сапармен келді. Жамбыл облысында стационарлық көмекті үйлестіруші жауапты тұлғаның қызметінің негізгі бағыты бойынша іс сапар кезінде медициналық көмек көрсетудің қазіргі заманғы деңгейіне сәйкес, әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында медицинаның тиісті бағытын дамыту стратегиясын әзірлеуге және оны іске асыру жөніндегі тактикалық шешім қабылдау, бейінді қызметтерді ұйымдастыру және үйлестіру, халықтың денсаулығын нығайту, стационарлық қызмет бойынша көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін және сапасын арттыру, стационарлық қызмет бойынша статистикалық ақпаратқа талдау жүргізу және осы деректерді халыққа медициналық көмек көрсетуді жақсарту және жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылды. Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының бас дәрігері Джуманкулов Марат Сейтбекович, Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Каликова Айнұр Тұяқбаевна және бөлім меңгерушілерімен бірлесе стационарлық ем қабылдап жатқан науқастарды аралап, аурухана жұмысымен танысып, ішкі талдау-зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар меңгерушілер мен дәрігерлерге семинар өткізіп, шешілмей тұрған бірқатар мәселелер қарастырылып, семинар барысында аурухана бас дәрігері Айнұр Тұяқбайқызы стационарлық көрсетілетін қызметтер туралы баяндама жасады. Зерделеу нәтижесінде Джуманкулов Марат Сейтбекович іс-шара барысында тиісті ұсынымдар мен арнайы тапсырмалар беріп олардың іске асырылуын бақылайтынын жеткізді.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу