Облыстық дәрігерлер қабылдау жүргізді
Ағымдағы жылдың наурыз айының 13-ші жұлдызында, ауданымызға Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасынан, штаттан тыс бірнеше дәрігерлер келді. Ауданымызда түрлі дертке шалдыққан диспансерлік есепте тұратын және аяғы ауыр аналар таңсәріден жиналып, дәрігерлерге қаралды. Денсаулық сақшысы саналатын дәрігерлер халыққа тиісті кеңес беріп, кейбіріне ем-дом алу үшін емдеу мекемелеріне жолдама ұсынды. Бейінді мамандардың ішінде Бектенова Асель Бектенқызы - Кардиология бөлімшесінің меңгерушісінің кардиолог дәрігері Көрпебаева Майра Аблановна – күндізгі стационар бөлімшесінің меңгерушісі, невропатолог дәрігері Зиннулина Асель Асановна - Эндокринология бөлімшесінің меңгерушісі, штаттан тыс бас эндокринолог дәрігер ДСБ Аманов Мұхан Болатбекович - Штаттан тыс бас ангиохирург дәрігер ДСБ Жайпанов Мұхамедияр Төлегенович - Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі қабылдау жүргізді. Медициналық тексеруден өтуге ниет білдіргендер аз болған жоқ. Жалпы жүзден аса адам қамтылды.