Сарысу орталық аудандық ауруханасы

Қазақстан, Жаңатас, 3 ы.а., Әулие Ата к-сі, 1А
+7 (72634) 6 15 87
+7 (72634) 7 99 85
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Оқу барысы жалғасуда

Ана сүті – өмірге жаңа келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Оны ешбір сүт қоспасы алмастыра алмайды. Ананың нәрестені туған сәтте бірден құшағына алуы сәбиді жылытады, иммундық жүйесін нығайтады, ана мен бала арасындағы сүйіспеншіліктің пайда болуына ықпал етеді, ананың сүтін молайтады. Сарысу аудандық орталық ауруханасында,  Әмбебап прогрессивті патронаж моделі бойынша "Ана сүтінің маңызы, 6 айға дейін тек ана сүтімен емізу, 2 жасқа дейін ана сүтімен емізуді жалғастыру және 6 айдан бастап қосымша тамақ енгізу" тақырыбына семинар тренинг жүргізілді. Тренинг барысында, тренингке қатысушыларға іс жүзінде рольдік ойындар ұйымдастырылды. Тренингті әмбебап прогрессивті патронаж моделінің ұлттық тренері С.С.Калтаева  жүргізді.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу